Демалыс күндері 11-13 тамыз аралығында ауқымды тур ұйымдастырылған. Іс-шара нәтижесінде тамақ, қоқыс қалдықтары қалып, табиғат ластанған.
Аумақты тазалау мақсатында 15 тамызда Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Іле-Алатау» МҰТП өкілдерімен 43 адам территорияға сенбілік өткізді. Оған 4 техника құралы жұмылдырылды. Нәтижесінде 28 тонна қоқыс шығарылып, барлық аумақ тазаланды.