«Өткен жылы ауданда әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларға тұрғын үй берілмеді, биыл да жоспарда жоқ», — деді халықтың мәселесін көтерген облыс әкімі.
Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, биылғы жылдың соңында Талғар қаласында 216 пәтерге арналған 3 кредиттік үй қолданысқа беріледі.
Сонымен қатар аймақ басшысы мұнда 9 мыңнан астам тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, бұл халықтың ішкі көші-қонының өсу көрсеткіштерінің бірі екенін алға тартты.
«Бұл мәселеге ерекше назар аудару керек, өйткені халықтың тұрғын үй ұсыныс санынан асып кетуі аудан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатына әсер етуі мүмкін», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Аталған мәселелерге байланысты өңір басшысы аудан әкіміне тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуды және жеке тұрғын үй құрылысына қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар дайын алаңдарды қамтамасыз етуді тапсырды.