«Қыстыгүні мұнда 5000-нан астам халық тұрады. Жаздыгүні бау-бақша егетіндер, демалыс орындары бар адамдар келгенде халық саны тағы да ұлғая түседі. Сәйкесінше, бұл жерде ТҚЭС-на түсетін күш те баршылық. Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) мамандары бірнеше рет жұртшылықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады», — деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Екатерина Колесниченко.
Оның айтуынша, ТҚЭС құрылысы ТҮКШ бөлімінің осы жылы маусым айында жасаған ұсынысына сай басталды. Жобаны «Сантех-Строй Проект» ЖШС жүзеге асырады. Бөлінген ақша көлемі – 300,654 млн теңге.
«Тек ТҚЭС салып қана қоймай, жарық бағаналары орнатылады, электр сымдары түгелдей ауыстырылады. Саяжайдың электр жүйесі жеке кооператив балансынан қала иелігіне өтеді. Ол кезде тұрғындар жарықтың ақшасын қала тарифіне сай төлейді», — деді баспасөз хатшысы.
Құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін тұрғындардың жарыққа шағымданғаны туралы ақпарат бергенбіз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram