Абзал Нұрпейісовтің айтуынша, Мыңбаев ауылының су желілері 1961 жылы салынған. Қазіргі таңда жүйенің 90% тозығы жеткен.
«Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаты дайындалды. Осы жоспарды жүзеге асырсақ, 40 шақырым су жүйесі тартылады. Нәтижесінде 1 318 үй ауыз сумен қамтылады. Құрылысқа 1,5 млрд. теңге қажет», — деді әкім орынбасары.
Сонымен қатар Абзал Нұрпейісов ауылдың батыс жағында 200 гектарға инфрақұрылымдық желі тарту үшін жоба жасалғанын айтты. Бұл жұмысқа 2,5 млрд. теңге қажет.
«Жобада 24 шақырым ауыз су тарту, 31 шақырым электр жүйесін тарту қарастырылған. 200 гектарға осындай инфрақұрылымдық желі жасасақ, кезекте тұрған 2 000 адамды дайын жермен қамти аламыз», — деді Абзал Нұрпейісов.
Жергілікті әкімдіктің мұң-мұқтажын тыңдаған министр елімізде 2025 жылға дейін ауылдарға ерекше көңіл бөлінетінін, ауылдарды дамыту үшін арнайы тұжырымдама дайындалғанын айтты.
«Біздің мақсатымыз — жаңадан құрылған облыстарға баса назар аудару. Салыстырмалы түрде қарағанда, Алматы облысының жағдайы жаман емес. Елімізде лизинг бойынша жұмыс жасайтын «Ауыл аманаты» бағдарламасының да аясы кеңейтіледі. Барлық ауылдардың арасындағы теңгерімсіздікті жойып, инфрақұрылымға назар аударылады», — деді Әлібек Қуантыров.
Айта кетейік, ауылда 5 669 адам мекен етеді. Үй кезегінде тұрғандар саны 3 000-нан асып жығылады.