Оны қалалық Мәдениет үйінің кіреберісінде оқушылар қарсы алды. Алайда министр олардың демалыс кезінде жиында жүргеніне алаңдаушылық білдірді.
«Сіздерде қазір каникул емес пе? Каникулда сіздерді алып шықты ма? Каникулда балалар демалуы керек, негізі. Мен жаңа әріптестеріме айттым. Балалар демалыста кітап оқуы керек, тынығуы керек, үй шаруалары бар, күш жинауы керек дегендей», — деді министр.
Балалармен тілдескен Асхат Аймағамбетов үлкен белестерді бағындыруларына тілектес екенін айтты. Және оларға алғысын жеткізіп, әрқайсымен естелік суретке түсті.