Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Копдикбаев Қазақстан Республикасы Сыбайлайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері Д. Абикулов және Е. Игиликовпен бірлесе Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде семинар өткізді.
Семинардың негізгі тақырыбы Алматы облысының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен кәсіби жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін дамыту.
Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің этикалық стандарттары туралы кеңінен түсіндірілді. Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін атқарудағы адалдық, ашықтық, әділдік принциптеріне ерекше аудару қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте кездесуі мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оларды жою жолдары талқыланды.
«Бүгінгі қоғамымызда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымы олардың қызмет сапасының басты көрсеткіші болып табылады,» — деді Б. Копдикбаев.
Сонымен бірге, Б.Копдикбаев семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелерін баяндап кетті.
Семинар соңында қатысушылар әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтай отырып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп жұмыс істеуге уәде берді. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебін жетілдіру және қоғамның оларға деген сенімін нығайту мақсатында тұрақты түрде өткізілмек.