Алматы облысында мемлекеттік қызметтерді орталық мемлекеттік органдардың 22 аумақтық бөлімшелері, 15 облыстық басқармалар және аудандар мен қалалардың 10 әкімдіктері көрсетеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қызметтерге деген сұраныстың жыл сайын артуымен олардың орналасу сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етудің өзектілігі сақталады.
Бұл ретте, мемлекеттік органдардың қажетті құжаттардың мерзімдері мен тізбесін оңтайландыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына қарамастан, жүргізілген тексерулер мемлекеттік қызметтер көрсету саласында да, мемлекеттік органдардың тікелей қызметінде де проблемалық мәселелердің бар екендігін көрсетеді.
Мәселен, 3 тоқсанда қашықтықтан мониторинг жүргізу бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен 410 бұзушылық анықталды.
Талдау көрсеткендей, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері көбінесе бизнес-процестерді бұзуға байланысты болып табылады.