Күн тәртібінде 9 мәселе қозғалды. Соның ішінде Кеген ауданының Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Б. Абдыманаповқа қатысты тәртіптік іс қозғалды.
Істі тергеп тексеру барысында жұмыстың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 4-бабының 1-тармағында бекітілген шарттарына сәйкес орындалмағаны анықталды.
Жалпы анықталған фактілерде заң бұзушылық бар болып шықты.
Арсен Жақыпов жұмыс аяқталмаған жағдайда, ақша аударылмау керек екендігін еске салды.
Б.Б.Абдыманапов өз сөзінде конкурс кеш ойнатылып, кейін ауа райының қолайсыздығы кедергі болды деп пікір білдірді. Сонымен қатар, бұл қызметте жүргеніне 1 жыл толмағанын айтып өз кінәсін мойындайтынын жеткізді. Әрі бұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтты.
Арсен Жақыпов жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Абдыманаповқа өз қызметін ары қарай жалғастыруға мүмкіндік берейік деген ұсынысын ортаға салды. Кеңес мүшелері төрағаның ұсынысын бірауыздан қолдады. Сондықтан оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңның 50-бабының, 1-тармағының 4/5 тармақшаларын сақтамағаны үшін, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды.
Одан бөлек, 2024 жылдың 26 шілдесіне дейін Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларын және бюджет кодексінің талаптарын қатаң сақтау туралы заңнамалары бойынша семинар өткізуді бұйырды.