Күн тәртібінде алғашқылардың бірі болып, Талғар ауданы әкімінің орынбасары О.Ө. Каспакбаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Баяндамашы А. Имангельдиновтың айтуынша, мәселенің басы кіші Байсерке ауылын газдандырудан басталған, артынша жиынға қатысушылар арасында дау туып, тіпті бұл мәселенің бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап, О.Қаспақбаев тұрғынды балағаттады деп берілген.
Алайда, бейнажазбаны қарау барысында Қаспақбаев тарапынан ешқандай балағат сөз айтылмағаны расталды. Бірақ шағымданушы тарап бұл дәлелмен келіспейтінін жеткізді. Осылайша, жиынға қатысушылардың пікірі екіге бөлінді.
“Менің ойымша әдептілік бұзғаны анық. Иә, біз бейне жазбаны көрдік бірақ, ол жерде ешқандай балағат сөз айтылғанын естімедік. Азаматтармен қарым-қатынаста болғанда өзіңіз білетіндей мемлекеттік қызметші ретінде әдептілікті сақтау керек. Дөрекілік, әдепсіздік, бейәдеп мінез сонымен қатар, басқада әдеп нормаларын сақтауыңыз қажет барлығы әдеп кодексінде жазылған”,- деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы Арсен Жақыпов.
Ал Талғар ауданы әкімінің орынбасары мұнымен келіспейтінін айтты.
Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қаспақбаев: “Газ үлкен мәселе, сол себептіде дау туған уақытта халық естісін деген мақсатта даусымды қатты шығарып сөйлеген болатынмын бірақ, бейне жазбада көрініп тұрғандай балағат сөз қолданған жоқпын. Ашумен дауыс көтергенімді мойындаймын”, — деп өз пікірін жеткізді.
Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Ербол Сапарұлының айтуынша, адам бекерге қызбалыққа салынбайды.
Біз барлығын түсінеміз, әдеп комиссиясының күн тәртібіндегі 20 мамыр күні кіші Байсеркеде болған жағдайды қарап отырмыз. Бізге ол жерде орын алған барлық мәселенің мән жайы маңызды. Мен өзім Іле ауданында 30 жыл әкімнің орынбасары қызметін атқардым. Әкім болдың ба халыққа жақын бол деген. Әкімнің орынбасары халықпен тіл табыспаса, халықпен ауызбіршілікте болмаса олардың мұң мұқтажын шешпесе, халқының жағдайын ойламаса бұл мемлекеттік қызметкерге жат нәрсе, тіпті ұят деп айтуға болады. Әрбір мәселеде халықпен шайқасып жүретін болсақ біз алысқа бармаймыз . Қандай жағдай болмасын сабырлылық болу керек. Халық бекерден бекер шуламайды”,-деді ол.
Талғар ауданы әкімінің орынбасары О. Қаспақбаевқа әдеп кодексінің 6-шы тармағының 4), 5) тармақшаларын бұзғаны үшін яғни, азаматтармен қарым – қатыснаста әдептілік танытпай дөрекілік, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілерніне жол беріп өзінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапына сынға себепкер болғаны. Азаматтардың көз алдында өзі өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасағаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылсын, деген тәртіптік жаза ұсынылды.
Сонымен қатар, Талғар ауданы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, Алматы облысындағы әдеп жөніндегі кеңес мүшесінің қатысуымен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу мақсатында 2024 жылдың 28 маусымына дейінгі мерзімге Талғар ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы заңының нормалары түсіндіруге бағытталған семинар кеңесі ұйымдастырылып өткізілсін деген шешім шығарылды.