Оның айтуынша, бұл Академия – жаңа идеялар мен заман талаптарына сай мемлекеттік қызметшілерді дайындайтын интеллектуалды платформа.
«Осы жылы Үкіметтен мемлекеттік қызметшілерді даярлау мақсатында магистратураға 120 грант, докторантураға 12 грант бөлінді. Сондай-ақ сұранысқа сәйкес, «Халықаралық қатынастар» білім бағдарламасы 2 жылға ұзартылды. Магистратураға мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл еңбек өтілі керек болса, докторантураға 5 жылдан кем болмауы қажет», — деді Айгерім Абилова.
Филиал директорының сөзінше, қазіргі таңда оқуға өтінім бергендердің саны 215, ал жоспар бойынша 1000-ға жуық өтінім қабылданбақ.
«Үміткерлерден құжаттарды қабылдау 3 сәуірден басталып, 29 маусымға дейін жалғасады. Құжаттарды Академияның admission.apa.kz ақпараттық платформасында онлайн жолдауға болады», — деді спикер.
Сонымен қатар Айгерім Абилова мемлекеттік грант бойынша оқуға түсуге ниеттілердің тапсыруы қажет құжаттар тізіміне де тоқталды. Олар:
- мемлекеттік органның мөрі қойылған жолдама;
- жеке басын куәландыратын құжат пен жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
- кадр бөлімімен расталған еңбек өтілін растайтын құжат;
- мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификаттардың бірі болуы тиіс.
«Ал Алматы облысы туралы айтсақ, биыл Академияға осы өңірден оқуға түскен 9 түлек мемлекеттік кызметке орналасты. Оның ішінде облыс әкімдері мен түрлі басқарма басшылары бар», — деді филиал басшысы.
Толық ақпаратты https://www.apa.kz/ сайтынан оқи аласыздар.