Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Медеу-Шымбұлақ автожолының диспетчерлік постының жанында Медеуге, Шымбұлақ-Тұйық су тас жолына «Шымбұлақ» тау шаңғы курортынан жоғары, сондай-ақ Алматы-Үлкен Алматы өзенінің автожолына, «Аюсай» шатқалына апарар жолға бекеттер қойылды.
«8-9 наурыз аралығында Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін», — деп хабарлады ведомстводан.