Оның пайымдауынша, инвесторлардың тұрақтамауына шенеуніктер жұмысындағы жүйесіздік себеп.
«Жобалар келеді. Россиядан келеді, басқа жақтан келеді. Бәрінің сұрайтыны жер, кішкене ғана көмек. Оған анау жоқ, мынау жоқ деп… Сонымен ең ақыры бұрылады да, кетіп қалады. Басқа облысқа кетеді. Өткенде Талғар ауданында болды ғой. Сейсембаев Марғұлан «Панфилов ауданында тауық фермасын салам» деді. Жерін өзі сатып алған, кейін оған «өндіріс сасиды, ауылға жақын салуға болмайды» деді. Түсіндіру жұмысы жүргізілмеген, халықпен жұмыс жасалмаған. Ең құрығанда жерді ауыстырып, басқа жер беруге болатын еді ғой. Енді ол бәрін тастады да, Жамбыл облысына кетіп қалды. Болды. Бүкіл әкімдіктің жұмысы осы. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Келген адамды күтіп алу керек. Жұмыстың шаңын қағып, жұмысын беру керек», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы облысының әкімдігі Панфиловта құс етін өндіретін зауыттың салынбайтыны туралы хабарлады. Мәлімдемеде Алматы облысының жер қатынастары басқармасы мамандары тексергенде жер учаскесін кәсіпкерге беру кезінде заңды бұзу фактілерін анықталғаны, сәйкесінше тиісті материалдар сотқа берілетіні айтылды.
Естеріңізде болса, Марғұлан Сейсембаев Талғар ауданы Панфилов ауылы маңынан құс етін өндіретін зауыт салу жұмыстарын осыдан екі жыл бұрын бастаған. Алайда, бұл туралы бұрын-соңды естімеген жергілікті тұрғындар наразылық танытты. Олар зауыттың ауылға тым жақын салынып жатқанын, салдарынан өндіріс кезінде шығатын жағымсыз иіс ауылға жайылатынын алға тартқан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram