Жарқын нәтижелер – оқушылардың көп жылғы қажырлы еңбегінің жемісі. Өңір басшысы «Алтын белгі» түлектің үлкен жетістіктерге жету жолындағы алғашқы қадамы ғана екенін атап өтті.
«Еліміздің басты құндылығы – дарынды жастар. Сіздер Қазақстанның жарқын болашағысыздар. Мемлекетіміздің гүлденуі сіздердің еңбекқорлығыңызға, тілектеріңізге, мүмкіндіктеріңіз бен таланттарыңызға байланысты. Сіздерден Отан игілігі үшін жаңа жетістіктер күтеміз», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Еске салайық, «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орындарына түсу кезінде басымдыққа ие. Мысалы, егер конкурс кезінде үміткерлер грантқа бірдей ұпай жинаса, онда басымдық ерекшелік иесіне беріледі.
«Оқу барысында көмек көрсетіп, бағыт-бағдар берген ұстаздарыма, ата-анама алғыс айтамын. Жақында біз студент боламыз, содан кейін — әрқайсысы өз мамандығының мамандары боламыз, онда біз міндетті түрде білімімізді қолданамыз. Мен Қазан мемлекеттік энергетика университетіне «Атом электр станцияларын жобалау» мамандығы бойынша оқуға түстім. Ал бүгінде облыс әкімінен университетті бітіргеннен кейін осы уақытқа дейін салынуы тиіс атом электр станциясына маман болып келіп, жұмысқа тұруға шақырту алып үлгердім. Бұл менің туған өлкемнің дамуына қосқан жеке үлесім болмақ», – деп бөлісті Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы С. Бердіқұлов атындағы мектептің түлегі Владислав Земляных.
Кездесу шағын концертке ұласып, зерек ұл-қыздардың ата-аналарын құттықтаумен жалғасты.