Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Марат Сұлтанғазиев инвесторға жер тауып бере алмаған жауаптыларды сынға алды

Қонаев қаласындағы нысандарды кезекті рет аралау барысында Марат Сұлтанғазиев «Оспанова Девелопмент» балық шаруашылығына барды.

29.06.2023
Аймақ

Шаһар маңында бой көтеріп жатқан зауыттың жылдық қуаттылығы 10 мың тонна өнім өндіруге жеткілікті. Құрылыстың бірінші кезеңін аяқтау үшін барлық құрал-жабдықтар орнатылған, ұсақ-түйек жұмыс қана қалған. Инвестор осы аумақта 20 млрд теңге қаржы құя отырып, тағам әзірлейтін тағы бір кәсіпорын ашпақ. Мемлекет тарапынан өндіріс ошағын қосымша электроэнергиямен, табиғи газбен қамту мәселесі шешілген.

Алайда, барлық инвесторларға мұндай қолайлы жағдай жасалмаған. Мәселен, жауаптылар өткен жылдың желтоқсанынан бастап кірпіш зауыты үшін жер телімін әлі тауып бере алмай отыр. Бұл зауыт күнделікті 500 тонна өнім өндірмек. Тартылатын инвестиция көлемі – 23 млрд теңге. Мұнда 150 адам жұмыспен қамтылмақ.

«Біз осы қарқынмен жүрсек, бірде-бір инвестормен жұмыс жасай алмаймыз. Ең алдымен олар үшін жер және инфрақұрылым мәселесін шешіп беру қажет. Содан кейін ғана басқа нәрсе туралы айтуға болады. Инвестор Қонаев қаласына қажетті құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салуға келді. Бұл өндіріс ошағының тауарын экспортқа шығаруға потенциалы жоғары. Ал біз олар үшін жарты жылдан астам уақыт жер тауып бере алмай отырмыз! Кәсіпорын өз жұмысын бастау үшін керекті іс-шараларды тезірек іске асыру қажет», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар әкім мамандарға осы уақытқа дейін қол қойылған Меморандумдарды саралап, әр жобаның жүзеге асуы қай деңгейде тұрғанын талдауды тапсырды.

№8 жағажайдағы мәселе де күрделі. Жаздың 1-ші айы аяқталар уақыт таяп қалса да, жағажайды абаттандырып жатқан «Golden Citi DS» компаниясының жұмысы ілгерілемеген. Құрылыс бүкіл талаптар бойынша кенжелеп қалған. Облыс әкімі мердігер компанияны ауыстырып, фирма басшылығына шара қолдануды тапсырды.

Бұдан бөлек, облыс әкімі парк пен орталық саябаққа да кіріп шықты, қалада тұрғызылатын әкімшілік ғимараттарының жеріне барды. Қазіргі таңда әкімшілік ғимараттарының жобасы әзірленіп жатыр.

Қаланы түгел аралап шыққан Марат Сұлтанғазиев тілшілерге сұхбат беріп, осындай қызметтік кездесулер проблемалық сұрақтарды анықтап, оларды шешуге ықпал ететінін айтты.

«Былтырдан бері 300-ден астам инвестормен кездестік. Олардың көбімен Меморандумға қол қойдық. Олар үшін ең бастысы – жер мен инфрақұрылым мәселесінің шешілуі. Біз монополистермен де жұмыс жасап жатырмыз. Егер инженерлік қуат болмаса, бизнес үшін қаншалықты жеңілдік қарастырсақ та, бәрі бекер болады», — деді өңір басшысы.

 

1 of 7
- +
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржеринвесторҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz