Видео Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №7 үйдің лифтінде түсірілген. Онда ер адамның әйелді тепкілеп, жұдырықтап жатқаны көрсетілген.
Құқық қорғау органдары күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады. Бұл құқық бұзушылық үшін күдікті бес тәулікке дейін қамауға алынады.
«Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін ер адам жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.