«Компания ағын суды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ, тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдығын жинауға байланысты заңбұзушылықтар жіберген», — деп жазылған хабарламада.
Соттың 2024 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен компания Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапқа тартылып, 31 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға лас заттар шамадан тыс шығарылғаны да анықталды.
Бұл дерек бойынша компания қосымша әкімшілік жауапқа тартылып, 1,2 млрд. теңге айыппұл салынды.