Мамандардың айтуынша, жерді қазған сайын шахтаның опырылу қаупі арта түсуде.Сондықтан іздеу жұмысын тоқтатуға тура келіпті. Өйткені, құтқарушылардың да өміріне қауіп төнген.
Айта кетейік, жер астында денесі қалған екі құтқарушыны іздеу 1 айдан бері жалғасып жатыр. Алайда, оларды табу мүмкін болмай тұр.
Қазіргі уақытта «Майқайың алтын» АҚ-мен сол жерде зерттеу үшін жұмыстар жүргізуге бола ма, жүргізуге болмайтындығын зерттеу үшін геология, тау-кен, өндірістік қауіпсіздік бойынша маман тартылып жатыр. Соның қорытындысына сай алдағы уақытта ол жұмыстардың жүргізілетіндігі немесе тоқтатылатындығы анықталады», — деп атап өтті облыстық ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы Ерлан Қасымов.