Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жакупов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттарымен және докторанттарымен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Кездесу барысында департамент басшысы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуын аяқтаған жоғары оқу орындарының түлектері конкурс өткізбей-ақ кейбір лауазымдарға қабылдануы мүмкін екенін хабарлады.
Сондай-ақ, Арсен Жакупов мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу бітірген докторанттар мемлекеттік органдарда жұмыспен өтеуге мүмкіндігі туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, департаментпен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында жас мемлекеттік қызметшілер мектебін ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Оның басты мақсаты талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тарту болып табылады.