Іс-шара партияның жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Жаңа ғимараттың пайдалануға беру уақыты – 2024 жылы тамыз айына жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 7 млрд теңге. Қазіргі уақытта құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
«Құрылыс жұмысына біз толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз. Нысанның құрылыс деңгейін апта сайын келіп, жергілікті халық қалаулылары бақылауда. Сондай-ақ ғимарат келер жылдың соңына қарай толығымен пайдалануға беріледі», – деді «Bazis construction» ЖШС өкілі.
Құрылыс жұмысын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселелерге назар аударды.
«Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде болса дейміз. Сонымен бірге сапалы құрал-жабдықтармен қамтамыз етілуін, барлық стандарттарға сай болуын, яғни құрал-жабдықтарға, зертханалардың дұрыс орналасуына да бақылау қажет», – деді Мәжіліс депутаты Максим Рожин.
Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалмақ. Мектепте оқу кабинеттерімен қатар, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, компьютерлік сыныптар болады.
Сонымен қатар, халық қалаулылары әкімшілікке мемлекет қаржысына салынып жатқан нысанның сапасына ерекше мән беруді тапсырды және сала басшыларының өтініштеріне құлақ түріп, білім саласындағы мәселелерді назарға алатындарын жеткізді. Білім мекемелерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керек екенін ескертті.
Мәжіліс депутаттары кейін ауданға қарасты Қаракемер елді мекенінде орналасқан 6654 әскери бөлім қызметшілерінің жауынгерлік қызметімен және тұрмысымен танысты.
Мәжілісмен бастаған топ Ұлттық ұланның сарбаздарымен жүздесті. Бөлім командирі Жандос Қасымовпен әскери қалашықты аралап, бөлім қызметшілерінің жауынгерлік қызметімен және тұрмысымен танысты.
Оның айтуынша, бөлімде сарбаздарға барлық жағдай жасалған. Мұнда еліміздің түпкір-түпкірінен келген Ұлттық ұланның сарбаздары 27 мамандық бойынша оқытылады. Сонымен қатар, былтырдан бастап әскери бөлімде сарбаздар көлік жүргізуді үйреніп, «D» категориясымен жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндігі бар.
«Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскеріміздің әлеуеті мықты болу керек. Жақында шекаралық аймақтағы әскерилермен кездестік. Жасыратыны жоқ, барлығына бірдей жағдай жасалмаған. Депутаттар олардың мәселелерін билікке жеткізіп, оң шешімін табуға барынша күш саламыз. Біз күштік құрылымға қашан да көңіл бөлуіміз қажет», – деді Мақсат Толықбай.
Сапар барысында халық қалаулылары аудан орталығындағы өрт сөндіру бөлімін аралады. Кейін Есік қаласы мен Ташкенсаз ауыл тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындар саяжайларға ауыл мәртебесін беру туралы мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын да жеткізді. Одан бөлек, кей саяжайларда су құбыры мен асфальт, газ бен су тапшылығы айтылды. Мәжіліс депутаттары әр күрмеулі мәселенің шешім табуына күш салатындарын жеткізді.
Максим Рожин мен Мақсат Толықбайға тұрғындар өздерінің толғандырған түйткілді мәселелерін ортаға салды. Халық қалаулылары әр мәселенің уақытылы шешім табатынын айтты. Әр азаматтың аманаты – басты назарда болады.
«AMANAT» партиясы
Алматы облыстық филиалының
баспасөз қызметі