Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Көлсайға бөлінген ақша қайда кетті? — Антикор мәлімдеме жасады

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер өңірдің туристік нысандарына мониторинг жүргізу барысында Көлсай, Қайыңды және Есік көлдеріндегі жемқорлық тәуекелдерін анықтады.

11.10.2023
Аймақ

Мониторинг жүргізуге желіде таралған туризм инфрақұрылымының жай-күйін сынайтын бейнероликтер негіз болды.

Нәтижесінде экологиялық алымдарды төлеудегі және мақсатты пайдаланудағы ашықтықтың жоқтығы, модульдік қоғамдық дәретханалардың жұмыс істемеуі және оларға талапқа сай техникалық қызмет көрсетпеу, сондай-ақ қызметтерді талапқа сай көрсетпеу сияқты жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Мәселен, аталған туристік нысандарды зерделеу барысында «Көлсай көлдері» Ұлттық паркінің аумағына кірген кезде қызметкерлер кассалық аппаратты айналып өту үшін төлемнің қолма-қол нысанын пайдалана алатыны анықталды.

Сондай-ақ, 2022 жылы Кеген ауданы әкімдігі бір данасын 11,4 млн теңгеге сатып алған стационарлық модульдік әжетхана жұмыс істемей тұрғанын (электр жарығы мен су жоқ) анықтады. Тағы үшеуі қолданысқа берілмеді.

Еріктілер Саты ауылынан Қайынды көліне дейінгі жолдың нашарлығын да атап өтті. Салдарынан туристер көлге жету үшін жергілікті тұрғындардың қызметіне жүгінуге мәжбүр.

Аталған фактілердің барлығы Алматы облысының туристік саласы мен имиджіне тікелей әсер ететінін ескере отырып, еріктілер бірнеше ұсыныстар ұсынды:

  • туристік инфрақұрылымды жаңартуды ескере отырып, облыстың туристік саласын дамыту жөніндегі кешенді стратегиялық құжатты әзірлеу;
  • саяхаттауға қолайлы жағдай жасау үшін аймақтың жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық тораптармен қамтамасыз етілуін талдау;
  • Саты ауылынан Қайыңды көліне дейінгі жол салу және туристерді тасымалдау үшін «Еуро-4» стандартынан төмен автомобильдерді пайдалануды шектеу жөнінде шаралар қабылдау;
  • туристік орындардағы ағаш дәретханаларды жою.
Тегтер: Алматы облысыантикорКөлсай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz