«Спутниктік байланыс арнасы бар негізгі станция жоғарғы автотұрақта орналасқан», — деп хабарлады әкімдіктегілер.
Жоба бойынша аумақтың жоғарғы бөліктеріндегі жарықтандыру бағандарына интернет нүктелерін орнату қарастырылған. Төменгі бөлігі қоршаулар және қолжетімділік нүктелеріне арналған тіректердің көмегімен интернетпен қамтылады.
«Сондықтан енді мейрамхана мен пирстің аумағында интернетті пайдалануға болады», — деді әкімдік өкілдері.
Талшықты-оптикалық байланыс желісінің жалпы ұзындығы — 1500 метр.
Алматы облысының әкімдігі мен «Freedom Telecom» арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, оның аясында облыстың әрбір елдімекеніне жылдамдығы жоғары интернет енгізу жоспарланып отыр.