Ведомствода Көк-Жайлау шатқалындағы өртті сөндіруге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазәуеқұтқару» тікұшағы жұмылдырылғанын, ол құтқарушыларды өрт орнына – 1720 м биіктікке жеткізгенін атап өтті.
«Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 56 адам, 13 бірлік техника, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару тікұшағы», «Қазавиаорманкүзеті» АҚ 6 адам, 55 мемлекеттік инспектор, Іле-Алатау МҰТП қызметтік ат патрулі жұмылдырылды», — деп хабарлады қалалық ТЖД.
Көк-Жайлау шатқалындағы өрт 13:03-те оқшауланып, 13:28-де сөндірілді. Өрт ауданы белгіленіп жатыр.
Еске салайық, бүгін Көк-Жайлау шатқалында құрғақ шөп өртенген болатын.