Оқиға 27 ақпанда Алматы қаласындағы № 41 мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде болған. Оған мұғалімдердің балалардың киіну процесін дұрыс ұйымдастырмауы себеп болған.
Әкімдіктің хабарлауынша, мектепте орын тапшы. 870 адамға арналған ғимаратта, қазіргі уақытта екі ауысымда 1426 бала оқиды. Зардап шегушілер жоқ. Бірақ мектеп директоры оқу процесін ұйымдастыруды жеткіліксіз бақылағаны үшін қызметінен босатылды.