Жиынға Ауған соғысының ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, арнайы қонақтар және БАҚ қатысты.
Алдымен адагерлерді айтулы күндерімен құттықтау үшін Алматы облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қасымов Ескелді Құдайбергенұлы сөз сөйледі.
Содан кейін, жиынға қатысып отырған 41 ардагерге Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұсынған эскиз негізінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайымен» жасалған медальдар табысталды.
Салтанатты шара соңында, кешегі Кеңестік дәуірде Одақ әскерлерінің Ауған жерінде болған ұрыс қимылдарына әскери борышын өтеуге барған жас сарбаз, бүгінгі күні, Іле аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкері Бесіров Беркін Сайлауханұлы Алғыс сөз сөйледі.
Айта кетейік, елімізде шамамен 10 000-ға жуық ауған соғысының ардагері бар. Оның ішінде 1100 азамат Алматы облысында тұрып жатыр.
Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған жерлестеріміздің ерлігі қашан да ел есінде. Олардың өмірлері қыл үстінде тұрған сәттегі жауынгерлік бауырластығы бүгінгі ұрпаққа үлгі, ал оларға әрқашан құрмет көрсету мемлекеттің парызы болып қала бермек!