Кездесу барысында азаматтық қорғау қызметінің құрылуы, Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу шарттары мен оқу тәртібі туралы айтылды.
Оқушылар ашық есік күнінде өрт сөндірушілердің төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда қандай әрекеттер атқаратындығына, жауынгерлік киімді жедел кию, оқиға орнына шұғыл аттану, азаматтарға көмектесу барысында қандай тәсілдер қолданатындығы жөнінде мол мағлұмат алды.
Сондай-ақ лаулап тұрған өртті ауыздықтандыратын құрал жабдықтармен танысып, бөлімнің күнделікті қызметіне үңілуге мүмкіндік алды. Бұл кездесудің басты мақсаты төтенше жағдай кезінде мектеп оқушыларын қауіпсіздік шараларына үйрету және алған білімдерін тәжірибе ретінде пайдалану. Экскурсия соңында оқушыларға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы жадынама-парақтары таратылды.