Алматы облысының инвестициялық қоржынында жалпы құны 6,6 триллион теңгеден асатын 222 жоба бар. Бұл 43,4 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бүгінде 117,1 млрд теңге сомасында 6 жоба (825 жұмыс орны) жүзеге асырылды, ал 292,2 млрд теңге сомасында 38 жоба (4 349 жұмыс орны) биылғы жылдың соңына дейін агроөнеркәсіптік кешен, шағын және орта бизнес, көлік және логистика, өңдеу және тамақ өнеркәсібі, сауда және энергетика салаларында іске асырылатын болады.
- Қазіргі уақытта 135 жоба 2,6 трлн теңге сомасында іске асырылуда;
- Перспективалық 35 жоба 3,1 трлн теңге сомасында жоспарланған;
- Тұралап қалған 52 жоба 772,1 млрд теңге сомасында;
- 15 жоба 118,8 млрд теңге сомасында жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, облысқа трансұлттық компанияларды (ТҰК) тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыста жобалау және құрылыс белсенді кезеңіне өткен ТҰК-лар қатарында:
1) PepsiCo (АҚШ) – 200 млн доллар сомасындағы «Lays» чипсілерін өндіру жобасы;
2) Focus Logistics және OZON (РФ) – 151 млн доллар сомасындағы А классты қоймаларды салу;
3) Строитель 98 (РФ) – 100 млн доллар сомасындағы А классты логистикалық кешенді салу;
4) KT&G (Оңтүстік Корея) – 204 млн доллар сомасындағы темекі өнімдерін өндіру.
2023 — 2027 жылдары аталған жобалардың іске асырылуы облысқа 835 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы ең ірі жылу оқшаулағыш материалдар зауытын іске қосқан ресейлік «ТехноНИКОЛЬ» құрылысы аяқталды. Оның құны 100 млн доллар. Сонымен қатар, Қытайдың Jiangxi Copper (ТОО «Жетысу Вольфрамы») 290 млн доллар инвестициямен вольфрамды терең өңдеу зауытын іске қосуда.
Негізгі капиталға жоспарланған инвестициялар көлемі 1020,0 млрд теңге. 2024 жылға жоспар – 1020,0 млрд теңге.
Нақты түскен инвестициялар – 614,9 млрд теңге (ИФО – 132,8 пайыз (айлық жоспардың орындалуы – 93,1 пайыз, жылдық жоспардың орындалуы – 60,3 пайыз, (жоспар 863 млрд теңге, жылдық жоспардың орындалуы – 71,2 пайыз).
- Өнеркәсіп – 182,8 млрд теңге;
- Көлік және қоймалау – 163,8 млрд теңге;
- Ақпарат және байланыс – 3,5 млрд теңге;
- Білім – 58,2 млрд теңге.
Негізгі капиталдағы инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздерінің өзіндік қаражаттары 368,8 млрд теңгені, бюджет қаражаты 112,5 млрд теңгені (РБ-38,2 млрд теңге, МБ-74,3 млрд теңге) құрайды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысына тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 880,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылдың көрсеткішінен (686,6 млн доллар) 128,2%-ға жоғары. 2023 жылдың 2 тоқсанында облысқа тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 143,5 млн доллар (1 тоқсанда 141,5 млн доллар, 2 тоқсанда 2 млн доллар) болды, 2024 жылға жоспар 490 млн доллар. 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған деректер қараша айында жарияланады.