«Қазіргі уақытта су төгетін құрылғысы бар ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен 34 рет көлемі 100 тоннадан асатын су төгілді», — делінген ТЖД хабарламасында.
Бұған дейін өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып, аумақта (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің жану аумағын 100 га дейін азайтқанын мәлімдеген болатын.
«ТЖД және «Іле-Балқаш» МҰБ» РММ күштерімен қол шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу жүре отырып 5-кварталда өрт сөндіру жүргізілуде. Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмас үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізілуде. Елдімекендерге қауіп жоқ», — делінген хабарламада.
Өрт ошақтарын сөндіруге ТЖД және «Іле-Балқаш» МҰБ» РММ 70-ке жуық қызметкер және 34 бірлік техника жұмылдырылды.