Редакцияның хабарлауынша, осыған байланысты полиция шақырмақ болған тұрғынның қоңырауын ешкім елемеген.
«Мен 102-ге хабарластым, мұнда әтештер төбелесіп жатқанын айттым, нақты мекенжайды айттым, бірақ ешкім келмеді. Іле ІІБ-нің полицейлері мекенжайды бірнеше рет сұрады», — деді оқырман.
Алматы облысының полиция департаменті полицейлердің қоңырауға жауап бермеу себебін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізетінін айтты.
Жарияланған видеода «чемпионаттың» биыл 29 шілдеде өтетіні туралы жарнамалық бейнеролик бар. Сондай-ақ, бейнероликте жеңімпаздарға сыйлықтар да көрсетілген.
Айта кетейік, Қазақстанда әтеш төбелестіруге тыйым салынған. Заңнамалық тұрғыдан «ойын-сауықтың» бұл түрі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабы «Жануарларға қатыгездік көрсету» қылмыстық бабы бойынша қарастырылған.