Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Покровка ауылынан Алматы қаласының тұрғындары 18 және 19 жастағы екі жігітті ұстады. Жеке тінту барысында олардан 80 есірткі бумасы тәркіленді. Олар бұрын жасырылған «бумалардың»орындарын көрсетті.
Күдіктілердің айтуынша, аталған бумаларда «мефедрон» есірткі заты бар.
Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл деректі толық және объективті тергеуді қамтамасыз етеді.
Ұсталған адамдар ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібімен УҰИ-ға қамаққа алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.