«2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік осал санаттағы 22 отбасы баспанаға қол жеткізді. Жыл соңына дейін ауданда тағы 200 жалдамалы пәтер беріледі деп жоспарлануда.
Аудан әкімі Қайыржан Жақсыметов тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты әлеуметтік міндеттердің бірі екенін атап өтті:
«Біз әр отбасы үшін, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жеке баспананың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Алдағы жылдары да бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, мүмкіндігінше көп кезектегі азаматтардың армандаған пәтеріне қол жеткізуіне жағдай жасаймыз.»
Ауданда қандай үйлер салынып жатыр?
Қазіргі таңда Өтеген батыр кентінде 72 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл пәтерлер «Отбасы банк» арқылы кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған және мыңдаған қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуғамүмкіндік береді.