ІІМ өкілдері тікелей эфирде Шерзат көз жұмған күні не болғанын көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Алматы облысының аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Талғар ауданында болған қылмыстың тергелу барысына арналған баспасөз конференциясы өткізілуде.
Тікелей эфирдегі кадрларда 4 қазанға қараған түні Талғардағы «Қамажай» дүкенінде болған оқиғалар көрсетілді.
Кадрларға сәйкес, күдікті екі бөтелке сыра мен төрт дана темекі сатып алған. Мәліметтерге қарағанда, бұл заттарға төленген аударым бірден түспеген. Біраз уақыттан кейін аударым жасалып, ер адам тағы бір бөтелке сыра алып, оны қолма-қол төлеген. Кейінірек күдікті дүкенге қайта келіп, телефонын қуаттап беруді сұрайды. Артынша қайта келіп, телефонын алып кетеді.
Осыдан кейін оқиға көшеде жалғасқан.