Бүгін, министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов келіп, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Ішкі істер министрінің тапсырмасымен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылып, Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлер анықталуда. Қылмыскерлер ұсталып, заң алдында жауап беретін болады,» – деді Бауыржан Әленов.
Министрлік өкілі бұл іс Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында екенін де атап өтті.