Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Бимолданов мәлімдеді.
Академияда «Құқық қорғау қызметі», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» сияқты үш жаңа бағыт бойынша ішкі істер органдары жүйесінің кәсіби кадрлары дайындалады.
«Соңғы жылдары киберқылмыс, интернет-алаяқтық тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Осы қылмыстарға тиімді қарсы тұру керектігін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы шешім қабылданды. Осы бағытта Астана және Алматы қалаларының полиция департаменттерінде киберқылмыстарды ашумен және тергеумен айналысатын арнайы бөлімшелер ашылды. Олар киберпол деп аталады. Біз осы бөлімшелердің қызметкерлерін Алматы академиясының қабырғасында оқытатын боламыз», — деді Е. Бимолданов.