Top.Mail.Ru
Воскресенье, 1 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

«Хан Тәңірі – 2025»: үлкен жеңістер мен стратегиялық өсім жылы

by Мөлдір Иманмади
26.12.2025
in Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық

Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының спорттық жылын қорытындылаған басты оқиға – «Хан Тәңірі» сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бір сахнада өңірдің спорт тарихын қалыптастырып жүрген жандар – спортшылар, жаттықтырушылар, сала ардагерлері, мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты. Жалпы қонақтар саны 200-ден асты.

Салтанатты шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі таңда спорт өңірде тарихи дәстүрлер мен заманауи даму тәсілдерін тоғыстыратын маңызды салаға айналғанын атап өтті.

«Дене шынықтыру және спорт саласы мемлекеттік саясаттың тұрақты назарында. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары аясында өңірде жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға да, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге де жүйелі жағдай жасалуда. 2025 жыл Алматы облысының тарихына ірі халықаралық жеңістер, ауқымды жобалар мен спорт саласының жүйелі нығаю кезеңі ретінде нық енді. Өңір спортшылары әлем чемпионаттарында, Сурдлимпиада ойындарында және беделді халықаралық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп, дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді», – деді облыс әкімі.

Жыл басынан бері Алматы облысының спортшылары 2140 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 778 алтын, 628 күміс және 734 қола медаль бар. Үздіктер қатарында:

  • Андрей Самарин – грек-рим күресінен Сурдлимпиада ойындарының (2025) чемпионы;
  • Асет Дүйсенов – Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері;
  • Ксения Прозорова – ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы;
  • Қасымбек Едіге – 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионы;
  • Бейбарыс Қабылан – 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында таеквондодан әлем чемпионы;
  • Мұса Ділмұхамбет – садақ атудан Азия чемпионатының жеңімпазы;
  • Ертуған Зейнуллинов – ересектер арасындағы бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері;
  • Демеу Жадраев пен Ербол Камалиев – Германияда өткен грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирінде тиісінше алтын және күміс жүлде иеленді.

Жалпы 152 жетекші спортшы «Хан Тәңірі» сыйлығымен марапатталды. Номинанттардың айтуынша, мұндай қорытынды рәсімдер қосымша мотивация мен сенімділік береді.

«Алматы облысының басшылығына, дене шынықтыру және спорт басқармасына, жаттықтырушыларыма, жақындарыма және барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын. Бұл марапат – тек менің емес, бүкіл команданың еңбегіне берілген баға. “Хан Тәңірі” сыйлығы – өңір мен ел алдындағы жоғары сенім мен жауапкершіліктің белгісі», – деді ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Ертуған Зейнуллинов.

Спортшылардың жоғары нәтижелері өңірдегі жаттықтырушылар құрамының кәсіби деңгейін де айқындайды. Бұл күні спорт ардагерлеріне де ерекше құрмет көрсетілді. Алматы облысының 57 үздік жаттықтырушысы «Хан Тәңірі» жыл сайынғы сыйлығына ие болды.

«Алматы облысы – таланттарға бай өңір. Мұнда мықты мектеп, тәжірибелі жаттықтырушылар және болашағынан үміт күттіретін жастар бар. Шәкіртім Андрей Самариннің Сурдлимпиададағы жеңісі – күнделікті еңбектің, кәсібилік пен табандылықтың нәтижесі», – деп атап өтті жаттықтырушы Ардақ Молдахметов.

Жоғары жетістіктер спортымен қатар өңірде бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы 3450 спорттық іс-шара өткізіліп, 625 мыңнан астам адам қамтылды.

Алматы облысы бірқатар ірі республикалық және халықаралық жарыстардың алаңына айналды. Олардың қатарында:

  • «Ұлы дала жорығы – 2025» халықаралық марафон-бәйгесі;
  • «Ақбидай – 2025» XIII республикалық ауыл спорт ойындары;
  • «Қымызмұрындық» фестивалі аясындағы «Жолан жүйрігі – 2025» ат жарысы;
  • «Oceanman» ашық суда жүзуден халықаралық жарыс;
  • «Алатау арланы – 2025» қазақ күресі турнирі;
  • «Толағай – Алыптар сайысы» ұлттық ойындары;
  • «Сонар – 2025» құсбегілік бойынша республикалық жарыс;
  • «Қонаев CUP» халықаралық шахмат турнирі.

Балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше назар аударылуда. Спорт мекемелерінде 25 285 спортшы 67 спорт түрімен шұғылданады, олармен 969 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Жыл қорытындысы бойынша 625 735 тұрғын спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл облыс халқының 42,7 %-ын құрайды және 2024 жылмен салыстырғанда 1,3 %-ға артқан. Бұл өсімге «Алатау лига» және «Жеңіс жолы» жобалары зор үлес қосты.

«Алатау лига – 2025» жобасы аясында әр ауылдық округте футбол, волейбол, баскетбол және үстел теннисі бойынша 172 әуесқой клуб құрылып, 10 мыңнан астам адам қамтылды.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде бокстан, еркін күрестен, таеквондодан, дзюдодан және қазақ күресінен «Жеңіс жолы» кешенді жарыстары өтіп, оған 10 мыңға жуық жас спортшы қатысты.

Қосымша 20 мыңға жуық адам, соның ішінде NEET санатындағы жастар спортқа тартылды.

Өңірде 1821 спорт нысаны жұмыс істейді, спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 49,195 %. Ұйғыр, Кеген және Жамбыл аудандарында спорт кешендерінің құрылысы жалғасуда. 14 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын, тағы 4 нысан әзірлену үстінде.

Сараптамалық деректер Алматы облысының спорт саласында ел көшбасшыларының қатарына нық енгенін көрсетеді.

2025 жылғы қорытынды бойынша:

  • «Үздік БЖСМ» – Іле ауданындағы «Жігер» СДЮСШ (1 орын),

Талғар ауданы БЖСМ №1 (2 орын), Қонаев қаласы БЖСМ (3 орын);

  • «Үздік БЖСМ» – Іле ауданының БЖСМ;
  • «Үздік федерация» – Алматы облысының дзюдо федерациясы;
  • Үздік спорттық аудан – Еңбекшіқазақ ауданы;
  • Үздік спорт мекемесі – облыстық «Бұқаралық спорт клубы».
Tags: «Хан Тәңірі – 2025»алматы облысының жаңалықтарыспортшылар марапатталды

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz