«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Жетісу ауданында 40 жоба іске асырылуда. Оның ішінде аулаларды, скверлер мен парктерді абаттандыру, жерасты қоқыс контейнерлерін орнату және тағы басқа жобалар бар. Барлық жобаны қазан айында аяқтау жоспарланған», — деді ол.
Айтуынша, аудан тұрғындарының өтініші бойынша әзірлеген: Көкжиек шағын ауданындағы парк аймағын және Есентай өзенінің бойымен Черновицкая көшесіне дейін жағалау аймағын абаттандыру жобасы қолға алынды. Бұл 2024 жылдың II-ші тоқсанының соңына дейін аяқталады.
«Аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында адамдар көп жүретін орындарда биыл жыл соңына дейін қосымша 750 камера орнату жоспарланып отыр», — деді әкім.