«Бүгін сағат 18:45 шамасында Панфилов кентіндегі магистральдық газ құбырына ағаш құлап, салдарынан Гүлдала, Жүздібастау ауылдарында орналасқан 5000-ға жуық тұрғын үй газдан ажырап қалды. Аталған газ желілері «Тәуекел Газ» ЖШС қызмет көрсету ұйымына тиесілі. Қазіргі уақытта осы компанияның қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Жұмысты сағат 24:00-де аяқтау жоспарланды. Осыдан кейін газ қайта беріле бастайды», — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.
Сондай-ақ, әкімдік жұмыс барысы өңір басшылығының бақылауында екенін атап өтті.