Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Есік өңіріндегі 6 мектептің 6960 баласы және жақын ауылдардағы мектептер мен балабақшалардың балалары да үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың барлық білім беру мекемелерімен төтенше жағдай, жер сілкінісі бойынша бірнеше рет оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдай кезінде әр білім беру мекемесінің басшысы тиісті алгоритм бойынша әрекет жасады.
Барлық оқушылар мен ересектер (педагогтар, техникалық қызметкерлер) бірден сыртқа, қауіпсіз аймаққа шығарылды.