Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына жыл сайын келушілер саны артуды. Мысалы, 2023 жылы 37 мың 804 турист келіп, нәтижесінде, облыстық бюджетке 7 млн 460 мың 800 теңге салым түсті. Биыл да бұл көрсеткіш жоғары нәтиже көрсетеді деген үміттеміз.
Есік көліне келушілер алдымен арнайы шлагбаумнан өтеді. Ондағы мақсат: ұлттық паркті ластанудан қорғау, себебі, көлден табиғи су көзін 7 ауыл мен 1 қала пайдаланып отыр. Сонымен қатар, таудан сел немесе қар көшкіні болған жағдайда шлагбаум жабылып, адамдар апатты аймаққа өткізілмейді. Бұл қорғауға алынған аймаққа қамқорлық танытудың тағы бір амалы болар. Ал ары қарай, келушілердің саябақты аралауына еш кедергі жоқ.
Еске салсақ, Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Есік көлін Алматы облысының коммуналдық меншігіне қайтарған болатын. Содан кейін, алты жылда ластанған аймаққа айналған ұлттық парк тазаланып, жаңа кейіпке енді.