Шымбұлақта сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері түнгі уақытта да сырғанауға болады. Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырым болатын түрлі қиындықтағы 14 тасжол қарастырылған.
Алдағы маусымда Шымбұлақта Almaty Extreme Games және Happy Hour Сamp фестивалін және фристайл-могул мен фристайл-акробатика бойынша Әлем кубогының — 2022-2023 маусымындағы финалдық кезеңін өткізу жоспарланып отыр.
Oi-Qaragai тау шаңғы курортында қысқы маусым 3 желтоқсан күні ашылады. Жалпы ұзындығы 22 шақырымдық 20 тау шаңғысы және шана-баллон жолдары алғашқы қонақтарды қабылдайды.
Айта кетейік, Шымбұлақ және Oi-Qaragai тау шаңғы курорттары бірыңғай маусымдық абонементті шығарады. Қыс мезгілінде абонемент иесі екі курорттағы көтергіштерді шектеусіз пайдалана алады. Бұл Алматы және Алматы облысының тау курорттарын біріктірудің алғашқы кезеңі.