Мамандардың болжамынша, жаз Қазақстанның барлық өңірлеріне күнтізбе бойынша келеді.
«Антициклонның жотасы Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындайтын болады. Тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде +36+41°С дейін, шығыста +28+33°С дейін, орталықта +30+39°С дейін, оңтүстікте +37 +43°С дейін, оңтүстік- шығыста +30+37°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі», — делінген таратылған ақпаратта.