Олардың азаматтық некеде болғаны анықталды.
Еске салайық, бұл жағдай 2023 жылдың қазан айында болған. Олардың арасында ұрыс болып, әйел ер адамды жүріп келе жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберді. Екеуі де мас күйде болған. Ер адам оқиға орнында жан тапсырды.
Сот 1963 жылы туған күдіктіні кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Әйелдің мас күйде болуы жазаны жеңілдетуге себеп болған.