«Бұл жерде газдандыру қарқыны төмен. Яғни, 64 ауылдың 9-ы немесе тек 14%-ы газға қосылған. 25 мың абоненттің 8,7 мыңы ғана көгілдір отынға қосылған», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Аталған мәселені шешу үшін өңір басшысы биыл Талдыбұлақ, Сатай және Қаракемер ауылдарын газға жалғау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты.
«Тұрғындар көгілдір отынға тезірек қол жеткізуі үшін жоғарыда аталған жұмысты жеделдету қажет», — деді облыс әкімі.