Қазіргі таңда мал бордақылау алаңында 2000 бас ірі қара мал бар, оның 1500-і бұқа.
«Компанияның іргесі 2021 жылы қаланды. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына өтінім беріп, жобамыз қолдау тапты. Несиені 7 жылға алмақпыз. Бағдарлама аясында 1200 қазақы ақбас сиыр сатып алынады», — деді серіктестік директоры.
Сонымен қатар Евгений Чепко 20 мамырдан бастап мал сойылып, еті өңделуге жіберілетінін айтты. Еттің келісі 2200 теңгеден сатылады.
«Бізде осы ауданда 1200 гектар дақыл егілетін жеріміз бар. Ал Кеген ауданында 2000 гектар жерге арпа, бидай егіледі. Мұнда 53 маман қызмет етеді. Оның ішінде ветеринар дәрігерден бастап, тракторшыға дейін бар. Орташа еңбекақы көлемі 180 мың теңгеден басталады», — деді Евгений Чепко.