Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында 5-сыныптың 10 оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түскен. Улану себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.
Аталған жағдай 19 мамыр күні орын алған. Мұғалімдер мен балалардың айтуынша, оқушылар дүкеннен жартылай фабрикат тағам алып, пайдаланған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарынша, 7 бала амбулаториялық емге жіберілген. Ал қалған үшеуі инфекция бөліміне жатқызылған.