Компанияның нарықта қызмет етіп жатқанына биыл 10 жыл болған. Құрамында 4 балық шаруашылығы бар. Жалпы өндірістің жылдық қуаты 500 тонна. 50-ге тарта адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар шаруашылықта өңдеу өнеркәсібі де жолға қойылған.
«Өндіріс көлемін тағы да 200 тоннаға көбейту жоспарда бар. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Мысалы, шетелден сатып алынған шабақтардың жалпы құнының 50%-на, балықтарды өсіру үшін кеткен жемнің 25%-на субсидия алып отырмыз. Жем Польшадан әкелінеді», — деді серіктестік маманы Мәрлен Тұрсынәлі.
Аталған шаруашылық негізінен форель өсіруге маманданған.