Кездесу барысында аудан, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақты қойды.
«Сатай ауылында бірде-бір мектеп жоқ. 78 отбасының 320-дай оқушысы көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр. Осы мәселе жақын арада шешіле ма?», — деді ауыл тұрғыны.
Өз кезегінде министр бұл ауылдың көкейтесті сұрағынан хабардар екенін айтты.
«Жоғарыда атап өткенімдей, облыста проблемалар көп. Сіздің ауылыңызға екі ауысымда 900 оқушы оқитын мектеп салынады», — деді министр.