Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданы: ауылдағы спорт зал толық жабдықталды

Осыдан 3 жыл бұрын Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылының жігіттері ұйымдасып спорт залын тұрғызған. Бүгін залға жаттығуға қажетті құрал-жабдықтар әкелінді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.10.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

«Біз, 1981-1998 жылдары туған жігіттер бірлесіп, ауылға спорт зал салып беруге шешім қабылдадық. Себебі елдімекендегі мектептің спорт залы үнемі бос болмайды. Ал балалардың жаттығуға деген ықыласы зор. Қазіргі таңда бұл жерде 3 жаттықтырушы қызмет етеді. Бокс үйірмесіне 40, еркін күреске 25, каратэге 20 бала қатысады», — дейді ауыл жігіттерінің басын қосып, залдың бой көтеруіне ұйытқы болған Мұхит Дүнгешев.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Оның айтуынша, аймақ азаматтары былтыр «Батыр боламын» қорына материалдық базамен қамтамасыз етуді сұрап өтініш жасаған. Қор «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының көмегіне жүгінген.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп, жыл соңына дейін еліміздің түкпір-түкпірінен 24 спорт залын ашуды мақсат етіп отырмыз. Қоғамдық қордың басты қызметі — жарақтандыру. Ал біздің «Батыр боламын» қоры әкімшілік жұмыстармен қатар жаттықтырушылардың еңбекақысын реттеу секілді мәселелермен айналысады. Екі қордың да мақсаты — балаларды спорт арқылы тәрбиелеу, 10 000 оқушыны тегін үйірмемен қамтамасыз ету», — дейді «Батыр боламын» қорының президенті Арман Уахап.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бұл залдың жабдығына 7,7 млн теңге қаржы бөлген.

Осы шараға орай ауылда салтанатты басқосу өтті. Жиынға облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, ауыл ақсақалдары, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Ауыл әкімі Марат Сүгірбаев «Батыр боламын» қорына алғыс хат табыс етті.

Жиын соңында спорттық үйірмеге қатысып жүрген балалар өз өнерлерін көрсетті.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Еңбекшіқазақ

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz