Бұл құжаттың мақсаты – әр абоненттің газға қосылу бағасын тұрақтандыру.
«Соңғы кездері Алматы облысының тұрғындары көгілдір отынға қосылу бағасына жиі шағымданатын болды. Осыған орай біз өңірдегі 4 компаниямен арнайы құжатқа қол қоюды ұйғардық. Аталған істің нәтижесінде Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарының халқы газға 350 мың теңгеге қосыла алады. Бұл Меморандумның мерзімі — 2023 жылдың желтоқсанына дейін. Уақытын ары қарай созу мәселесі де қарастырылып жатыр», — деді басқарма басшысы.
ТҮКШ басқармасының басшысы «Жетісу-ОблГаз» ЖШС, «Алматы-Газ Серисхолдинг» АҚ, «Тәуекел Газ Құбыры», «Тәуекел-Н-Алғабас», «Жетісу газ құбыры», «Эркай», «Isker Company», «APL Constaction», «Сигма газ» серіктестерімен ортақ құжат қабылдады.
Ал газға қосылудың 350 мың теңге болып бекітілуінде жобалық-сметалық құжатқа, пайдаланылатын құрылыс материалдарына кеткен шығын есептелді.
Сонымен қатар Асхат Бердіханов баспасөз мәслихатында былтырғы жылдың соңында Алматы облысын газдандырудың өңірлік сызбасы жасалғанын айтты. Бұл өңірді 2030 жылға дейін газға қосудың бас сызбасы болмақ.