Синоптиктердің болжамынша, жақын күндері Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады.
12 қазан елдің батысында, солтүстік-батысында, 13 қазан орталығы мен оңтүстігінде, 14 қазан шығысында, 13-14 қазан оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.
Республика бойынша көктайғақ болып, ұйытқыған жел соғып, түнде және таңда тұман түседі.