«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, күндіз ауа температурасының біртіндеп көтеріледі.
«Ауа температурасы күндіз батыс өңірде 23-30 градусқа дейін, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 20-27 градусқа дейін, шығыста 15-23 градусқа, оңтүстікте 25-33 градусқа дейін, оңтүстікте – шығыста 17-25 градусқа дейін көтерілетіні болжанды», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Болжам бойынша, алдағы күндері республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын, оңтүстік-шығыста, 25-26 сәуірде шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, 25-26 сәуірде оңтүстік-шығыста – қатты жауын-шашын болады.
«Елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болжанбайды», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республикада, синоптиктердің хабарлауынша, тұман, жел күшейеді, батыста және оңтүстік облыстарда – найзағай, шаңды дауыл, шығыста – түнде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін.